«Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы № 136 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы № 136 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11602 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-11) тармақшасына, сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін, сондай-ақ «Теміржол көлігі саласында қауіпсіздік сертификатын беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.»;

3-параграф атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-параграф. Теміржол көлігі саласында қауіпсіздік сертификатын беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі»;

20, 21, 22, 23, 24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген қауіпсіздік жөніндегі талаптар тасымалдаушының қауіпсіздікті басқару жүйесіне сәйкестігі Заңның 14-бабының 34-35) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатымен расталады.

Магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне қол жеткізу тасымалдаушыларда осы Қағидаларға сәйкес берілген теміржол көлігі саласында қауіпсіздік сертификаты бар болған кезде ұсынылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.